Темірбаева Эльмира Тазабекқызы
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
ӨМІРБАЯНЫ ӨМІРБАЯНЫ ӨМІРБАЯНЫ
Темірбаева Эльмира Тазабекқызы 12 тамыз 1967 жылы Жамбыл облысы, Луговое ауданы, Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1984-1989 ж Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген Мамандығы инженер – экономист.
Еңбек жолын 1989-1990 жылдары Жамбыл тоқыма фабрикасының экономист-бухгалтері болып бастаған. 1990-1993 жылдары Жетісай аудандық Тұтынушылар одағы орталығының есепшісі. 1994-2001 жылдары «Жандосым» шаруа қожалығының жетекші маманы. 2001 жылдан күні бүгінге дейін «Елдос» сауда орталығының директоры Өндірісте жұмыс істеумен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. ІV,V,VІIшақырылымдардағы Мақтаарал, Жетісай аудандық мәслихатының депутаты. Еңбектері ескеріліп, «Мақтаарал ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Грамотасымен, аудан әкімінің бірнеше рет Алғыс хаттарымен марапатталған.
№5 сайлау округі
БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар!
Егер мені аудандық мәслихаттың депутаты болуға таңдау жасаса, «Ақ жол» демократиялық партиясының тұғырнамасындағы сайлауалды бағдарламасын орындауға оны жүзеге асыру міндетім деп санаймын.
2023 жылдың 1 ақпанында «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтайында 2023 жылдың 19 наурызында өткізілетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы алдындағы түбегейлі өзгерістер тұғырнамасы қабылданғандығы турасында телеарна, ақпарат көздері арқылы таныс боласыздар. «Ақ жол» демократиялық партиясы еліміздің дамып өркендеуі үстінде алдына үлкен мақсаттар қойып, оны жүзеге асыру жолдарын айқын белгілеп отыр. Онда ел бірлігі, ұлттық қауіпсіздік, еліміздің халықаралық беделі, экономикалық тұрғыдан алға басу, халықтың қажетті өмір сүру жағдайын жақсарту, табысын өсіру, аз қамтылған халықты әлеуметтік қолдау, отандық бизнестің өрлеуіне жағдай жасау, жалпы Отанымыздың қуатын арттыру, болашақтың берік іргесін қалау жолдарына негіз жасалған. Партияның Сайлауалды бағдарламасы алдымызда тұрған бірінші кезекті жалпыұлттық міндет.
- Реформаларды жүзеге асыру арқылы және Партияның Сайлауалды бағдарламасының толықтай орындалуы арқылы біз ұлттық сананы өзгертеміз, отаншылдықты арттырамыз, ел бірлігін нығайтамыз, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нықтай отырып, Жаңа Қазақстанды өркениетті елдер санатына қосамыз. Мен осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып өзімнің сайлауалды бағдарламамда Жетісай ауданында қол жеткізуге болатын, қолдан келетін іс-әрекеттерді қарқынды әрі дәлелді нәтижелерге сүйене отырып шешуге күш-жігерімді салып еңбек етуді негізгі мақсатым әрі міндетім деп есептеймін. Аудан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау, жаңа жұмыс орындары мен әрбір азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін экономиканы құру мәселесіне;
- Кез келген елдің экономикасының негізі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне;
- Кіші және орта кәсіпкерлік секторларында өндірілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын қымбаттатпау мәселесіне;
- Кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың заңды құқығын қорғау, орынсыз тексерулерге жол бермеу, субсидия және төмен пайызды несие алу жолдарын жеңілдету мәселесіне ықпал жасаймын;
- Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен қабылданған дағдарысқа қарсы экономикалық және әлеуметтік шаралар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Қабылданған шешімдер халықты әлеуметтік қолдау бағытында теңдесіз түрлі проблемаларды шешуге мүмкіндік берді. Бүгінгі жағдайда халықтың әлеуметтік ахуалын төмендетпей, ел экономикасының деңгейін қалыпты ұстап, тұрғындар әлеуетін тұрақтандыру үшін мемлекетіміздің қаржылық, кадрлық, басқарушылық мүмкіндіктері жеткілікті деп есептеймін. Сол себепті, өзімнің сайлауалды бағдарламамда ауданымыздағы сан қырлы салаларындағы проблемаларға жалпыламалық сипатта негізсіз сын айтып, сырғытпа уәделерді тізе бермей, бар білімім мен ІV, V, VІI шақырылымдардағы мәслихат депутатындағы тәжірибемді пайдалана отырып, көкейімде жүрген, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, аудан экономикасын көтеруге мүмкіндік беретін нақты бастамалардың жүзеге асырылуына атсалысуды мақсат етіп сайлауға қатысуға шешім қабылдадым. Өңірлерді дамытуға мемлекеттік қаржыны көбірек бөлуі керек. Өз қызметінде, өңірдегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру үшін, экономиканы және әлеуметтік саланы нығайтуға барынша күш саламын;
- Туған жерге деген сүйіспеншілікті, үлкендерге құрмет көрсетуді тәрбиелеу - депутаттың адамдармен жұмыстың негізгі бағыты деп санаймын. Қоғамдық тұрақтылыққа, ұлтаралық татулық пен келісімге қол сұғушылыққа қарсы қатаң әрекет ету, азаматтардың мүдделерін қорғау бағытында жұмыстанамын. Қаламыздағы көшелердің жөнделуі, абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары басты назарымда болады;
- Тұрғындарды сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету, жер асты суларын төмендету, дренаж жүйесін дамыту;
- Білім беру мекемелерінің жұмыстарын жақсарту, оларды күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ықпал етемін;
- Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету, ана мен нәрсетелер өлімін болдырмауға ықпал ету;
- Елдегі тұрақтылықты, әлеуметтік ілгерілеушілікті қолға алу, оның дұрыс жүргізілуіне;
- Қоғамдық көліктер санын арттыру мәселесіне;
- Жүргіншілер мен демалушылардың абаттандырылған аймақтарда еркін жүруіне қаламыздағы орталық саябақты абаттандыруға ықпал етемін. Мемлекет басшысының Жолдауындағы ауылдарда шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін 21-35 жас аралығындағы кәсіпкер немесе кәсіп бастағысы келетін жастарға конкурстық негізде берілетін микрокредиттің алуына ықпал жасаймын;
- ҚР Үкіметі бекіткен «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша қаламыздағы көп қабатты тұрғын үйлердің берілуіне ықпал етемін. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытында қаламызға негізгі жерлеріне бейнебақылау жүйесін орнатуға, бағдаршамдардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалауға, ретсіз, рұқсатсыз орнатылған көшелердегі жол бұдырлақтарын реттеуге, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын-алу бойынша тиісті мекемелермен біргелікте жоспарлы жұмыстар жүргізу;
- Қаладағы кәріз жүйесінің жұмыстарын реттеуге және оған толық қосылуға ықпал етемін;
- Жұмыссыздықты жою, ана мен баланың, аз қамтамасыз етілген отбасылардың жағдайын жақсарту, болашағымыз – жастар тәрбиесіне, спортты дамытуға қатысты мәселелерге айрықша көңіл бөлемін. Адам құқықтарының сақталуына, әркімнің заң аясында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдемдер мен банктерден тиімді жолмен несиелер алуына ықпал жасаймын;
- Мүгедектерге, жалғызілікті қарттарға және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайрымдылық және әлеуметтік көмектер көрсету;
Түйіндей отырып айтарым, елімізде жүргізіліп жатқан саяси экономикалық реформаларды толығымен қуаттай отырып, оның біздің ауданда жүзеге асуына, білім, денсаулық, мәдениет салалары мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту барысында қабылдап жатқан бағдарламалардың орындалуына аянбай еңбек етіп, үлесімді қосамын. Баршаңызды дұрыс таңдау жасап, сайлауға белсенді қатынасуға, елдің бірлігін, Жаңа Қазақстанның жарқын болашағын ойлайтын азаматқа дауыс беруге шақырамын.
Мақсатым - елге адал қызмет ету.





