Нармухамедов Жантөре Арсланұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Депутат маслихата

    Нармухамедов Жантөре Арсланұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Өмірбаян Өмірбаян Өмірбаян

    Мен, Нармухамедов Жантөре Арсланұлы 1969 жылы 11 шілдеде Мырзашөл өңірінде дүниеге келдім. Ұлтым қазақ, 1984 жылы Н.К.Крупская орта мектебінің 8-ші сыныбын бітіріп, Кентау қаласындағы Тау-кен металлургия техникумына «электромеханик» мамандығы бойынша оқуға түстім. 1988 жылы үздік оқушы атанып, жолдама бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына «Электрлендіру және автоматтандыру» мамандығына оқуға түстім. Оқу кезінде Тау-кен металлургия техникумының комсомол комитетінің хатшысы болып және Кентау қаласының комсомол комитеті бюросының мүшесі болдым. 1987 жылы Қазақстан комсомолының ХVI-съезінің делегаты болып қатыстым. 1988-1992 жылдары Қазақстан политехникалық институтының Студенттер кәсіподағының төрағасы болдым. Осы өңірдегі халықтың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерді өте жақсы білемін. Жоғарғы оқу орнын аяқтап, дипломымды қолға алғаннан бері осы өңірді дамыту жолында аянбай еңбек етіп, электр жүйелері саласын жандандыру мақсатында бар күш-жігерімді салып келемін.

    Менің бағдарламамның негізгі бағыттары: Менің бағдарламамның негізгі бағыттары:Менің бағдарламамның негізгі бағыттары:

    1. Қоғамдағы басты байлық – адам, оның заң алдындағы барлық құықтарының сақталуына және әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларына, көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасауға ықпал ету;
    2. Аудан тұрғындарын толыққанды табиғи газбен қамтамасыз ету. Жетісай ауданында 113 елді мекеннің 52 (46%) елді мекені табиғи газбен қамтылған. 2027 жылға дейін аудан тұрғындарын табиғи газбен 100 пайыз қамтамасыз ету жұмыстарына қол жеткізу;
    3. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің сапасын жақсарту. Ауданымызда 1200-ге жуық ішкі көшелер орналасқан. Оның ішінлде 53% ғана қанағаттанарлық жағдайда. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша және облыстық бюджет есебінен ішкі көшелерді жөндеуден өткізуге қаржы қарастыруға ықпал ету. Облыс орталығы мен ауданды байланыстыратын Сарыағаш-Қызыләскер елді мекендерінің арасына 4 жолақты автомобиль жолын салуға қол жеткізу;
    4. Ауданымыздан шыққан дарынды жастарға шығармашылық, өнер, ғылым, спорт және тағы басқа салалары бойынша қолдау көрсетіп, елді мекендерде шағын спорт алаңдарын салуғы ықпал ету;
    5. Жетісай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджеттен бөлінетін қаржы мәселесін қадағалау, орындалуын бақылау;
    6. Аудан тұрғындарымен тұрақты кездесіп, олардың мұң мұқтаждарын ескеріп, дер кезінде тиісті органдарға ұсыныс беріп, орындалуын қадағалау;
    7. Аудан тұрғындарын таза аза ауыз сумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда Жетісай ауданында 113 елді мекеннің 103 ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни 91,1%-ды құрайды. Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 953,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде ауылдық елді мекендерде 788,7 шақырым (471,6 немесе 60% сумен жабдықтау желісі тозған), Жетісай қаласында 165 шақырым (115,5 немесе 70% сумен жабдықтау желісі тозған). 2027 жылға дейін аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету жұмыстарына қол жеткізу;
    8. Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жетісай ауданындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен ішкі көшелерді жарықтандыру және бейне-бақылау камераларының санын арттыруға үлес қосу;
    9. Жетісай ауданын теміржол желісімен қамту. Қазіргі таңда, Республика бойынша және алыс-жақын шет елдерден келетін импорттық тауарлар теміржол торабы арқылы Сарыағаш ауданына дейін келіп, Жетісай ауданына тауарлар 120 шақырым жерге автомобиль жолдарымен тасымалдануда. Осыған орай, «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысын бастауға ықпал ету:
    10. Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайы мен экономикалық тұрақты дамуына қол жеткізу. Жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсету. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін бағдарламаларға және төмен пайызды несие алуға қол жеткізу үшін заң аясында сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу;
    11. Жастарға арналған аймақ қалыптастыру. Жастар – мемлекеттің болашағы. Жетісай ауданында 40 мыңнан астам жастар бар. «AMANAT» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2027 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасау;

    Құрметті Жетісай ауданының тұрғындары, егер мен Жетісай аудандық мәслихатына депутат болып сайлансам, осы 11 бағытпен бірге, басқа да өзекті мәселелер бойынша түрлі деңгейдегі атқарушы, өкілетті органдар алдында мәселе көтеру және оның орындалуына ықпал ету – менің халық алдындағы борышым деп санаймын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері