Байтилесов Нурбол Айтбаевич

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Депутат маслихата

    Байтилесов Нурбол Айтбаевич

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Ө М І Р Б А Я Н Ө М І Р Б А Я Н Ө М І Р Б А Я Н

    Мен, Байтилесов Нурбол Айтбаевич 1983 жылы мамыр айының 20 жұлдызында Жетісай ауданы Қарақай ауылында дүниеге келдім. 2000 жылы Қарақай ауылдық округі, Қ.Сәтбаев елді мекенінде орналасқан Ш.Құдайбердиев атындағы №20 жалпы орта мектебін бітірдім.

    2001 жылы Алматы қаласы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің заң факультетіне түсіп, 2005 жылы Заңгер мамандығын алдым. Сонымен қатар, сырттай оқып жүріп, еңбек жолын 2004 жылы Мақтарал ауданы «Түркістан Энерго» АҚ заңгер маманы болып еңбек жолын бастадым.

    2005-2010 жылдар аралығында «Жетісай Жарық» ЖШС-нің директоры қызметін атқардым.

    2011-2014 жылдар аралығында «Мақтарал Жасыл-Желек» КММ-нің бас энергетигі болып жұмыс істедім.

    2014 жылдан 2018 жылдың тамыз айына дейін «Мақтарал ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық» ЖШС-де бас энергетик қызметін атқардым.

    2018 жылдың қыркүйек айынан бастап, «Жетісай қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бас энергетик қызметін атқардым. 2018 жылдың желтоқсан айының 20 жұлдызынан бастап, қазіргі таңға дейін «Жетісай қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарамын.

    Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңына сәйкес, 2021 жылғы қаңтар айының 10 жұлдызында Жетісай ауданының мәслихатының 7 шақырылымдағы депутаты болып сайландым.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталдым.

    2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталдым.

    Отбасылымын, 1 ұл 3 қыздың әкесімін.

    - Қарақай ауылдық округіндегі тік дренаж ұңғымаларды қайта қалпына келтіруге;

    - Шаруа қожалықтарын жеңілдетілген минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге;

    - 2,8 мың шаруа қожалығына зиянкестерге қарсы қолданылатын биоагент пен гербицидтерді субсидиялауға;

    - Жетісай ауданында құрылысы жүріп жатқан табиғи газды реттеу бекеті (ГРС) 2023 жылы мамыр айында қолданысқа беріліп, М. Мәмедова, Қараөзек, Ш. Құдайбердиев жалпы орта мектептері табиғи газбен қамтылады;

    Жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 2023 жылы орташа жөндеуден өтетін көшелер:

    - 2023 жылы Қарақай елді мекені, Б.Исабек көшесін күрделі жөндеуден өткізуге;

    - Еңбек елді мекеніндегі Жаңа құрылыс көшесін күрделі жөндеуден өткізуге ауданнан 42 миллион теңге бөлінді;

    - 2023 жылы Қарақай елді мекені, Ш.Батсамбердиев көшесін орташа жөндеуден өткізуге ауданнан 14 миллион теңге бөлінді;

    - Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға;

    - Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту;

    - «Қамқорлық» жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға материялдық көмектер көрсетуге;

    - Бұқаралық спортты дамыту үшін 2023 жылы Қарақай ауылдық округі, Қарақай ауылынан спорт алаңшасының құрылысына 22 миллион теңге бөлінді;

    - Сәтбаев елді мекеніндегі «Достық» мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 2023 жылы бюджеттен 300 миллион теңге бөлінді;

    - Көкпар, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, еркін күрес және т.б. ұлттық спортты дамытуға, сол арқылы 2027 жылға дейін Жетісай ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 45 %-ға жеткізу мақсатында бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсаймын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері