
Молдабеков Бауыржан Хамитұлы
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Молдабеков Бауыржан Хамитұлы 1993 жылы 23 қазанда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2015 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Аграрлық техника және технология», 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
03.08.2015 - 31.12.2015 жылдар аралығында жастар практикасы бойынша маман, «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Форт -Шевченко қаласы;
13.01.2016 - 01.11.2016 жылдар аралығында маман, «Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Форт-Шевченко қаласы;
01.11.2016 - 11.01.2017 жылдар аралығында маман, «Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Форт-Шевченко қаласы;
11.01.2017 - 07.08.2018 жылдар аралығында бас маман, «Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Форт-Шевченко қаласы;
07.08.2018 - 21.11.2019 жылдар аралығында ұйымдыстыру бақылау бөлімшесінің басшысы, "Түпқараған ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі, Форт-Шевченко қаласы;
21.11.2019 - 16.05.2022 жылдар аралығында әкім орынбасары, «Форт -Шевченко қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Форт-Шевченко қаласы;
17.05.2022 - 10.07.2024 жылдар аралығында Форт-Шевченко қаласының әкімі, «Форт -Шевченко қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Форт-Шевченко қаласы;
10.07.2024 - 22.10.2024 жылдар аралығында «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы, Жаңаөзен қаласы;
22.10.2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы, Жаңаөзен қаласы.





