
Өмірбаян
Айнұр Жастілекқызы 1985 жылы 06қазандаАқмола облысы Көкшетау қаласында туды.
Көкшетау қаласы әкімінің 2023 жылғы 05 маусымдағы өкіміменАйнұр Жастілекқызы Таңқыбаева2023 жылғы 5 маусымнан бастап «Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.
2008 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «агрохимия және өсімдіктерді қорғау» мамандығы, 2014 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «кадастр» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2007 жылы Ақмола мемлекеттік жерге орналастыру институтында техникқызметін атқарудан бастады.
2009 жылы «Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ бас маман лауазымына тағайындалды, онда 2011 жылға дейін жұмыс істеді.
2012 жылдан 2013 жылға дейін «Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маман болып жұмыс істеді.
2013 жылдан 2015 жылға дейін «Ақмола облысы бойынша ҚР ӨДМ ЖРБК аумақтық жер инспекциясы» ММ жер кадастрының жүргізілуін бақылау және геодезиялық бақылау бөлімін басқарды.
2015 жылдан 2022 жылға дейін «Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы» ММ бөлім басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін «ҚР АШМ ЖРБК Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы - мемлекеттік инспекторы лауазымында жұмыс істеді.





