
Өмірбаян
1977 жылы 15 тамызда дүниеге келген.
1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін инженер эколог, экология бакалавры мамандығы бойынша бітірді
Еңбек жолын 2001 жылдың ақпан айынан бастап "Нова-Цинк" ЖШС инженер экологы бастады.
2003 жылғы 2 қаңтардан бастап мемлекеттік қызмет жүйесінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік бақылау департаментінің атмосфералық ауаны және радиациялық жағдайды қорғау бөлімінің бас маманы қызметіне кірісті.
2004 жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік бақылау департаменті қоршаған ортаның ластануын бақылау басқармасының су ресурстарын қорғау бөлімінің бас маманы
2005 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғау бақылау комитетінің бақылау-қадағалау қызметін бағалау және жоспарлау басқармасы экологиялық жағдайды талдау және табиғат пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы
2006 жылғы сәуірден бастап Жедел инспекциялық ден қою Басқармасының биологиялық және жер ресурстарын,өндіріс және тұтыну қалдықтарын қорғауды бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы
2006 жылғы тамыздан бастап қоршаған ортаның жай-күйін бақылау басқармасының жер қойнауын, Жер ресурстарын,өндіріс және тұтыну қалдықтарын қорғауды бақылау бөлімінің бастығы
2006 жылдың қыркүйегінен бастап "Эко Аудит - НС" ЖШС эколог - сарапшысы
2007 жылғы феаврдан бастап "Эко Аудит-НС" ЖШС бөлімінің бастығы
2009 жылдың наурыз айынан бастап "Эко Аудит-НС" ЖШС директорының орынбасары
2015 жылдың қараша айынан бастап"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті" РММ мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы
2015 жылғы желтоқсаннан бастап "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті" РММ Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы
2016 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу комитетінің экологиялық сараптама басқармасының басшысы"
2018 жылдың ақпан айынан бастап "инновация және реинжиниринг экологиялық орталығы"ЖШС даму жөніндегі директоры
2020 жылдың қараша айынан бастап "ИнтерГаз Орталық Азия" АҚ "Қарағанды" магистральдық газ құбырлары басқармасы " филиалының Нұр-сұлтан қаласының өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің 2-санатты инженері
2021 жылдың шілдесінен бастап "GREEN BENEFITS"ЖШС директорының орынбасары
2021 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасы басшысының м. а.
2022 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының басшысы
2022 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша экология департаментінің басшысы





