Досалиев Қанатбек Балтабайұлы

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

    Досалиев Қанатбек Балтабайұлы
    Депутат маслихата

    Досалиев Қанатбек Балтабайұлы

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1954 жылы 12 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Алғабас аулында дүниеге келген.

    1978ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне «Философия» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

    2005 жылы Алматы экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

    1978 жылы Жезқазған педогогикалық институтында оқытушылық қызметтен бастап, қазіргі уақытқа дейін педагогика саласында қызмет етуде.

    1980 жылы ҚАЗССР ҒА-сы философия және құқық институтына аспирантураға түсіп, 1985 жылы философия ғылымдарының кандидаты атағын алды. Кандидаттық жұмысын қорғағаннан соң Жезқазған педагогикалық институтында аға оқытушылық қызметін жалғастырған.

    1987-1992 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтындадоцент, кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.

    1992-1997 жылдар аралығында «Қазығұрт-2» шағын кәсіпорнының директоры.

    1997-2001жж. Қазақ мемлекеттік заң университетінің Шымкент филиалының директоры қызметін атқарған.

    2001-2002жж. «Қазына»ЖШС директоры қызметін атқарған.

    2002-2003жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Педагогикалық, мәдениет және өнер институтының» директоры қызметін атқарған.

    2003-2004жж. «Ұлағат» академиясының ректоры қызметін атқарған.

    2004-2020жж. МКҚК «М.Өтебаев атындағы жоғары технологиялапр колледжінің» директоры қызметін атқарған.

    2020 жылдан бүгінгі күнге дейін МКҚК «М.Өтебаев атындағы жоғары технологиялар колледжі» директорының кеңесшісі.

    «Ауыл» партиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері