Ермеков Елнұрбек Сайланбекұлы

    Байзақ аудандық мәслихатының жетінші шақырылым депутаты

    Ермеков Елнұрбек Сайланбекұлы
    Депутат маслихата

    Ермеков Елнұрбек Сайланбекұлы

    Байзақ аудандық мәслихатының жетінші шақырылым депутаты

    Өмірбаян

    Ермеков Елнурбек Сайланбекулы 1 наурыз 1990 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары. 1997 жылы Сарыкемер ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясына мектепке бардым. 2008 жылы мектепті үздік бітіріп, Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Құқық және экономика» факультетіне «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2012 жылы аталған оқу орнын үздік бітірдім. 2012-2013 жылдар аралығында Өскемен қаласы, Жаңа Ахмер кенті, 27943 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышымды өтедім.

    2014-2016 жылы «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ-нің Байзақ ауданы бойынша аймақтық құқықтық инспекторы болып жұмыс атқардым. 2016 жылдың 26 мамыр күнінен бүгінгі күнге дейін «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің филиалы «Байзақ аудандық комитеті» төрағасы лауазымында қызмет атқарудамын. Жетінші шақырылған Байзақ аудандық мәслихатының депутатымын. Отбасылық жағдайым – үйленгенмін.

    Марапаттарым:

    2016 жыл - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ».

    2019 жыл - Қазақстан Республикасы Президенті «АЛҒЫС ХАТ».

    2019 жыл - «БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН»төсбелгісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері