
Өмірбаян
Нұрбаев Өсер Әбдіжәлілұлы 1960 жылы 20 шілдеде Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Жаңатұрмыс бастауыш мектебінің 1-ші сыныбына, ал 1971 жылы 4-шы сыныптан Амангелді орта мектебіне барып, 1977 жылы осы мектептің 10-шы сыныбын бітіріп шықты. Білімі жоғары. 1991 жылы Жамбыл есеп экономикалық техникумын өндіріс бухгалтері, 2001 жылы «Алматы менеджмент және маркетинг институты» Жамбыл филиалының Тараз институтын экономист мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1977 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Михайловка ауылындағы аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінде жұмысшы, жүргізуші болып бастаған.
1981-1986 жылдары Свердлов ауданы, Михайловка ауылындағы аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінде жүргізуші, 1986-1992 жылдар аралығында Свердлов ауданы, Михайловка ауылында «Аудандық құрылыс жөндеу мекемесінде» жүргізуші, құрылыс шебері, 1992-1994 жылдары аралығында «Агропромэнерго» аудандық мемлекеттік өндіріс кооперативінің құрылыс учаскесінде, нормалаушы, құрылыс шебері, автогараж меңгерушісі, ал мекеменің атының өзгеруіне байланысты 1994 жылы АҚ «Қуат» мекемесінде автогараж меңгерушісі, 1994-1996 жылдары Сарыкемер ауылдық округі әкімінің орынбасары, 1996-1999 жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, 1999-2003 жылдары Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі, 2003-2010 жылдары Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары, 2010-2012 жылдары Сарыкемер ауылдық округінің әкімі, 2012-2013 жылдары Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2013-2020 жылдары Қызыл жұлдыз ауылдық округінің әкімі, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарып келеді.
2007 жылдан бері «AMANAT» партиясының мүшесі. Байзақ аудандық мәслихатының VІІ-ші шақырылымының депутатымын. «AMANAT» ХДП Байзақ аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі.





