
Боранбаев Қанат Серікпайұлы
Басқару органдары мен экономика нысандарын жұмылдыру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Боранбаев Канат Серикпаевич 1986 жылы 04 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1993 жылы Қызылорда қаласының №26 мектеп – интернатында білім алып, аталған мектепті 2003 жылы бітірген.
2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика және құқық» факультетінде оқып, аталған университетінен 2008 жылы «юриспруденция» мамандығы бойынша диплом алған.
Еңбек жолын 2008 – 2009 ж.ж. Қызылорда қаласының «Мика – М» ЖШС-нің «заңгер-консультанты» болып бастаған.
2009 жылы «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік бөлімінде «жастар тәжірибесі» жұмыспен қамту бағдарламасы аясында бас-маман заңгердің көмекшісі болып жұмыс атқарған.
2011 жылдың 11 шілдесінен бастап «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің Түрксіб аудандық жұмыспен қамту бөлімінің біліктілігі жоғарғы деңгейдегі инспекторы, 2011 жылдың 01 қарашасынан бастап «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің Түрксіб аудандық жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары, 2012 жылдың 09 тамызынан «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің Түрксіб аудандық жұмыспен қамту бөлімінің біліктілігі жоғарғы деңгейдегі менеджері болып қызмет атқарды. 2014 жылдың 31 тамызымен 06 қазан аралығында «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің экономикалық талдау, маркетинг және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы болып жұмыс жасап, 2014 жылдың 08 қазанынан бастап, 2015 жылдың16 маусымына дейін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, 2015 жылдың 16 маусымынан 2017 жылдың 01 ақпаны аралығында Қызылорда облыстық соты кеңсесінің соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің бас маманы,2017 жылдың 01 ақпаны мен 2018 жылдың 16 сәуірі аралығында Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің (Қызылорда облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті болып қайта ұйымдастырылған) құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы болып қызметтер атқарған.
2018 жылдың 16 сәуірінен бастап «Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік жұмыстары және материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмысқа қабылданды.
2021 жылдың 4 маусымында басқару органдары және экономика обьектілерін жұмылдыру бөлімінің басшысы болып тағайындалды.




