
Қалдарбеков Мұса Оспанұлы
Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасынның басқарма басшысы
Өмірбаян
Қалдарбеков Мұса Оспанұлы 1972 жылы 20 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылындағы №167 орта мектепті бітірген.
1987-1991 жылдары Семей қаласы, Семей жеңіл өнеркәсіп техникумында білім алған.
1997 жылы Алматы қаласы Алматы техникалық институтында инженер-механик мамандығы бойынша жоғары оқу орнын аяқтаған.
2001 жылы Алматы қаласындағы, Алматы технология және бизнес университетінде «экономист» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген.
Еңбек жолын Кентау қаласындағы тігін фабрикасының жұмысшысы ретінде бастаған. 1991-1997 жылдары – Жаңақорған өндірістік комбинатының жұмысшысы, «Кереге» кіші мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.
1997-2011 жылдары Алматы қаласының салық органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2011-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, Қызылорда, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болған.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарды.
2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.




