
Нысан Ғани Жалғасұлы
Әкімшілік жұмыстары және материалды-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Нысан Ғани Жалғасұлы 13 қаңтарда 1977 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1994 жылда Қызылорда қаласындағы №198 орта мектепті бітірді.
1994 жылы мектепті бітіргеннен кейін 1999 жылы Қызылорда педагогикалық институтына түсіп және Қызылорда мемлекеттік университетінің "Экономика және менеджмент" факультетін бітірген.
2002-2004 жылдары Қазақ гуманитарлық – заң университетіне "Заңтану" мамандығы бойынша оқыған.
1999 жылы Қызылорда қаласындағы №7 кәсіптік-техникалық мектепке оператор ЭВМ маманы болып қабылданды;
2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақырылды;
2002-2004 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметінде;
2005 -2007 жылдары Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасында, "Құқық қолдану және бақылауды жоспарлау" бөлімінің жетекші маманы;
2007-2011 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде жетекші маман, бас маман. Мемлекеттік қызметкерлердің штаттық бірліктердің қысқаруына байланысты (ҚР Президентінің Жарлығы), босатылды;
2011-2014 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау департаментінде, "Экономика, қаржы және мемлекеттік сатып алу" бөлімінің бас маманы. Мекеменің қайта құрылуына байланысты, 2014 жылы мекеме "Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" болып өзгертілді, "Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу" бөліміне ауысты;
2016 жылдан бастап Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасында «Әкімшілік жұмыстар және материалды-техникалық қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы.




