
Абишева Ардақ Жұмаханқызы
Терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Абишева Ардақ Жұмаханқызы, 16.09.1978 ж. Қызылорда облысы Арал ауданы «Арал» совхозында дүнеиеге келген.
1985-1995 жж. № 57 «Октябрь» орта мектебінде оқыған.
1995-1999 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Орыс тілді емес мектептердегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
2013-2015 жж. Қызылорда «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандығы бойынша сырттай оқу түрінде бітірген.
1999 ж. «Болашақ» мектеп-лицейінде мұғалім, 2001-2009 жж. Қызылорда «Болашақ» университетінде кафедра лаборанты, мектеп-лицей, колледж оқытушысы, Қызылорда «Қызмет» колледжінің оқытушысы, 2009-2014 жж. «Альянс Банк» АҚ Қызылорда филиалының кадрлық және құжаттама маманы, 2014-2016 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы» КММ әкімшілік жұмыстар және мемлекттікі сатып алуды ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары – бас есепші, шұғыл ақпарат және мониторинг бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2016 ж. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының терроризмге қарсы іс-қимыл және арнайы құрылымдарды үйлестіру бөлімінің бас маманы болып қабылданып, 2021 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.




