Тобажанов Ғабит Рүстемұлы

    Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы

    Тобажанов Ғабит Рүстемұлы
    Руководитель отдела

    Тобажанов Ғабит Рүстемұлы

    Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Тобажанов Ғабит Рүстемұлы- 1978 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары.

    1999 жылы Халықаралық қазақ Түрік университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2000 жылы Шиелі ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. 2001-2006 жылдары Шиелі ауданы прокурорының аға көмекшісі, 2006-2008 жылдары Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі, 2008 жылдың мамыр-қыркүйек айларында Қызылорда облыстық прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, 2008 жылдың қыркүйек-қараша айларында Қызылорда облыстық прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметін қадағалау басқармасының прокуроры,
    2008-2009 жылдары Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары, 2009-2011 жылдары Қызылорда облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, 2011-2014 жылдары Қызылорда облысы прокурорының табиғатты қорғау заңдылығының қадағалау жөніндегі аға көмекшісі, 2014-2015 жылдары Қызылорда облысы прокурорының атқарушылық өндіріс заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі, 2015-2017 жылдары Қызылорда облысы прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы, 2017-2020 жылдары Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылдары Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы, 2021-2022 жылдары Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат қызметтерін атқарған.

    2022 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері