
Мадиев Тлеуберды Серикбаевич
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі №217 ж/қ бұйрығына сәйкес Шымкент қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Тлеуберды Серикбаевич Мадиев тағайындалды.
Туған күні: 1988 жылғы 15 наурыз
Туған жері: ҚР Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылы
Ұлты-қазақ
Білімі:жоғары
2009 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2019 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау уничверситетін, 2022 жылы Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істер жөніндегі министрлігінің Азаматтық қорғаныс академиясын бітірген.
Білімі бойынша мамандығы: Өрт қауіпсіздігі; Құқықтану; Техносфералық қауіпсіздік
Біліктілігі: қызмет көрсету саласындағы магистр
05.08.2005 – 02.07.2009 — ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының курсанты.
03.07.2009 – 11.04.2012 — ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ өртке қарсы қызмет жасағының №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.
12.04.2012 – 28.02.2013 — ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ №1 жасақтың №2 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары.
01.03.2013 – 10.06.2014 — ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ №1 жасақтың №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.
11.06.2014 – 26.10.2014 — ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ №1 жасақ бастығының орынбасары.
27.10.2014 – 18.06.2019 — ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ №3 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.
19.06.2019 – 18.08.2019 — Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының Өскемен қаласындағы Оқу орталығы бастығының міндетін атқарушы орынбасары.
19.08.2019 – 14.01.2021 — Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының Өскемен қаласындағы Оқу орталығы бастығының орынбасары.
15.01.2021 – 01.06.2022 — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу басқармасының бас маманы.
02.06.2022 – 16.11.2023 — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу басқармасы бастығының орынбасары.
17.11.2023 – 14.12.2023 — Алматы қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының міндетін атқарушы.
15.12.2023 – 15.09.2024 — ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы.
16.09.2024 – 22.10.2025 — ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы (Департамент құқығындағы) бастығының орынбасары.
23.10.2025 – 20.04.2026 — ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы (Департамент құқығындағы) бастығының орынбасары.
2026 жылғы 20 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – Шымкент қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары



