
Өмірбаян
Қуанар Бекенұлы 1967 жылы 24 мамырда дүниеге келген, Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауданы Қаратал ауылының тумасы.
Азаматтық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет етеді.
Еңбек жолын өрт сөндірушіден бастаған. 1994-2000 жылдары Петропавл қаласының күзет бекетінің инспекторы, кезекші өрт сөндіру қызметінің басшысы, бастығы болып жұмыс істеді.
2000-2005 жылдары – Петропавл қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің бастығы.
2005-2012 ж.ж. Солтүстік Қазақстан облысының "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы болып жұмыс істеді.
2012-2015 ж. Ж. - Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2015 жылдың қаңтар айынан - Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығы қызметін 2020 жылдан бастап атқарған.



