
Кисыков Ерболат Аканович
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары
Өмірбаян
1993–1994 жылдары — Жәйрем кентіндегі «Жәйремтяжстрой» жылжымалы механикаландырылған №3 колоннасының автослесары.
1994–1997 жылдары — Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жүк тиеуші-экспедитор.
1997–2000 жылдары — Жезқазған қаласындағы «Қамқор» кооперативтер қауымдастығында экспедитор, техник-қараушы, қауымдастық төрағасының орынбасары.
2000–2001 жылдары — Жезқазған қаласындағы ЛЭС өндірістік кооперативінің зертханашы-слесары.
2002–2006 жылдары — Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс корпорациясы» АҚ-ның электр слесары.
2012–2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша бас маманы.
2014–2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелер мониторингі, үйлестіру және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс басқармасының басшысы, Астана қаласы.
2017–2019 жылдары — Ақтөбе қаласындағы «Трансэнерго» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020–2021 жылдары — «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы.
2021–2022 жылдары — Федоров ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, Федоровка ауылы.
2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары аралығында — ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы.
2022 жылғы қыркүйектен 2024 жылға дейін — ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.



