Огай Сергей Афанасьевич

    Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

    Огай Сергей Афанасьевич
    Заместитель начальника

    Огай Сергей Афанасьевич

    Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

    Өмірбаян

    Азаматтық қорғау полковнигі Огай Сергей Афанасьевич 1984 жылғы 1 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

    Білімі жоғары, 2002 жылы М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын, ал 2011 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2005–2006 жылдары — ОҚО ТЖД «ӨСжАҚЖ» ММ мемлекеттік өрт қадағалауының аға инженері.

    2006–2007 жылдары — Астана қаласындағы «ӨСжАҚЖ» ММ мемлекеттік меншіктің ерекше маңызды объектілерін қорғау жасағының №11 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы.

    2007–2008 жылдары — Астана қаласындағы «ӨСжАҚЖ» ММ жасағының №11 өрт сөндіру бөлімінің пост бастығы.

    2008–2009 жылдары — Астана қаласы Өртке қарсы қызмет департаментінің Талдау орталығының өрт қауіпсіздігі саласындағы перспективалық даму бөлімінің бас маманы.

    2009–2010 жылдары — Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы.

    2010–2019 жылдары — Мемлекеттік өрт бақылауы және анықтау басқармасының мемлекеттік өрт бақылауы бөлімінің бас маманы.

    2019–2020 жылдары — ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар комитетінің Азаматтық қорғау саласындағы бақылау және апаттар қаупін төмендету басқармасының бас маманы.

    2020–2022 жылдары — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының бас маманы.

    2022–2023 жылдары — Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы.

    2023–2024 жылдары — Жетісу облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының бастығы.

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері