Хаймолдин Бауыржан Нұрақанұлы

    Бөлім басшысы

    Хаймолдин Бауыржан Нұрақанұлы
    Руководитель отдела

    Хаймолдин Бауыржан Нұрақанұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Хаймолдин Бауыржан Нұрақанұлы 1982 жылғы 9 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында дүниеге келген.

    М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін биология және химия мұғалімі мамандығы бойынша, 2022 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2004 жылы А.И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықта кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. Әр жылдары биология және химия пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді, педагогикалық қызмет өтілі 5 жылдан астам.

    2007 жылдан 2016 жылға дейін ауылдық округтің бас маманы қызметін атқарды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маманнан ақпараттық-талдау бөлімінің басшысына дейін қызмет атқарды. 2019 жылдан Петропавл қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы болып қызмет етті. Жұмыс өтілі 15 жылдан астам.

    2023 жылдың мамыр айынан бастап «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ ұйымдастыру-бақылау және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы. Жалпы жұмыс өтілі 19 жылдан астам, үйленген және екі бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері