Кенжеболатов Асхат Әшенұлы

    Бөлім басшысы

    Кенжеболатов Асхат Әшенұлы
    Руководитель отдела

    Кенжеболатов Асхат Әшенұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    1972 жылғы 09 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданы Сергеев ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Солтүстік Қазақстан университетінің жоғары техникалық колледжін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.

    Тағайындау

    Петропавл қаласы әкімінің өкімімен Асхат Әшенұлы Кенжеболатов 2025 жылғы 18 шілдеден бастап «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

    Еңбек жолын 1998 жылы «Алтын бидай» ЖШС директоры болып бастаған.

    1999-2001 жылдары Петропавл қ. «Вновь» ПКФ ЖШС директорының көлік жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

    2001-2004 жылдары Петропавл қ. «Алтын Бидай» ЖШС директоры қызметін атқарды.

    2004-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және коммуникациялар департаментінің Көлік және коммуникациялар бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс істеді.

    2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті бастығының орынбасары, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет етті.

    2005-2006 жылдары «№1 Петропавл автобус паркі» ААҚ президенті лауазымында жұмыс істеді.

    2006-2007 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің автоөнеркәсіп» КМҚК бас инженері лауазымын атқарды.

    2007-2008 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің автоөнеркәсіп» КМҚК директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

    2008-2009 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің автоөнеркәсіп» КМҚК директоры болды.

    2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, СҚО әкімдігінің Істер басқармасының бас маманы лауазымында жұмыс істеді.

    2009-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - әкімдік істерін басқарушысы лауазымында қызмет етті.

    2010-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы – әкімдік істерін басқарушысы лауазымында жұмыс істеді.

    2013 жылы СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

    2013-2014 жылдары «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС бас инженері болып қызмет атқарды.

    2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің нұсқаушысы, аппарат басшысының орынбасары — іс басқарушысы лауазымдарында жұмыс істеді.

    2014-2016 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

    2016-2023 жылдары Алматы қаласы «Аs Grain Company» ЖШС директоры болып қызмет етті.

    2023-2024 жылдары «Samruk — Kazyna Construction» АҚ Астана қаласы, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша СҚО өңірлік бөлімшесінің жетекші маманы, өңірлік басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері