
Рахметова Раушан Морзалақызы
Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Раушан Морзалақызы Рахметова 1984 жылғы 31 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданы Новоникольск ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Орталық – Азия университетін қаржы бакалаврі мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2005 жылы СҚО Салық комитетінің хатшысы болып бастады.
2008 жылы «Ұлар Үміт» СҚОФ операторы болып жұмыс істеді.
2010 – 2011 жылдары аралығында Қазақстан БТА ЖЗҚ АҚ менеджері болды.
2014-2015 жылдары аралығында «Қазпошта» АҚ СҚОФ экономисті болып жұмыс жасады.
2015 – 2019 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы – бухгалтері.
2019 – 2021 жылдары «Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ бас маманы – бухгалтері болып қызмет атқарды.
2021 жылғы шілдеден бастап осы тағайындауға дейін «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ қаржы – шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.




