
Шәріпов Мақсат Қазисұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Шәріпов Мақсат Казисұлы 1994 жылы 23 мамырда Көкшетау облысы Красноармейск ауданы Заречное ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін қаржы мамандығы бойынша 2016 жылы бітірген.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің өкімімен 2023 жылғы 20 қарашадан бастап «Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі» КММ басшысы болып тағайындалды.
Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Петропавл қаласы және СҚО бойынша филиалы, «Күзет и К» ЖШС, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша күзетші қызметінен бастады.
Мемлекеттік қызметте 2017 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік сатып алу бойынша жетекші маман, «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы экономика және қаржы бөлімі» КММ қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы, «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы экономика және қаржы бөлімі » КММ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу секторының меңгерушісі, «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ қаржы-экономикалық секторының меңгерушісі, (қыркүйек 2022ж. – сәуір 2023ж.), «Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі» КММ басшысының м. а. (сәуір 2023ж. – қазан 2023ж.) лауазымдарында жұмыс істеді.



