
Ілкібаев Ғалымжан Маратұлы
Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Ілкібаев Ғалымжан Маратұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында туған. Білімі жоғары. 2004 жылы Құқық және нарық академиясын, 2014 жылы «Болашақ» университетін «Қаржы және несие», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2006-2007 жылдары «Қызылорда облысының статистикалық есептеу жөніндегі орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының жетекші маманы;2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің маманы, жетекші маманы;
2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы;
2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің консультанты, бөлім басшысы;
2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы;
2016 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы;
2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы;
2017-2018 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппараты персоналды басқару қызметінің бас инспекторы;
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы;
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы;
03.10.2022 жылдың осы уақытқа дейін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары.


