
Шаменов Бауыржан Серікұлы
Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы
Өмірбаян
1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі: Жоғары, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін - заңтану, 2004 жылы Құқық және нарық академиясын - қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2002 жылы Қызылорда қаласындағы «Рух» заң компаниясында заңгер стажер, 2002-2005 жылдары Қызылорда облыстық қазынашылық басқармасында бас маман-заңгер, кадр, заң қызметі және арнайы жұмыстар бөлімінде бас маман, 2005-2006 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде бас маман, 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының тәртіптік кеңес хатшылығы-мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуын бақылау бөлімінің консультанты, 2008-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, 2013-2019 жылдар аралығында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2019-2022 жылдар аралығында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы. 2022 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2022 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.


