
Қуандық Алтынай Қуандыққызы
Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Қуандық Алтынай Қуандыққызы 1980 жылы Қызылорда қаласында туған. Білімі жоғары. 2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін Құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі, 2008 жылы «Болашақ» университетін Заңтану мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2001-2005 жылдары Қызылорда қаласының экономика және құқық колледжі оқытушысы;
2005-2014 жылдары ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы, бас маман, консультант;
2014-2015 жылдары ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, консультант;
2015 жылы ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, бас маман, Қызылорда облысының Әділет департаменті, бас маман;
2015-2016 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы;
2016-2018 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы;
2018-2019 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының әкімшілік-ұйымдастыру және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
2019 жылдар осы кезге дейін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысының орынбасары.


