Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы функцияларды, сондай-ақ, облыс әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргуздің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының (әрі қарай – Басқарма) 2026 жылғы 24 ақпандағы №1748-НҚ бұйрығымен құрылған құрамдағы жұмыс тобымен Басқарманың қызметіне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. 27.03.2026 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталық жетекшісі, Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Қ.Ғ. Бекеновтың және басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау отырысы өткізіліп, олардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Оған қоса, жария талқылау қорытындысымен ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою жөніндегі іс-шара жоспарын белгілеу ұсынылды. 06.04.2026 жылы ішкі талдаудың нәтижесімен талдамалық анықтама жасақталып, Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдыртпау мақсатында қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығын жетілдіру бойынша 7 ұсыным берілді. 10.04.2026 жылы Басқарма басшысымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар бойынша ақпараттар Басқарманың ресми интернет-ресурсына жарияланды. Сонымен қатар, жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен саладағы нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 7 ұсыным жолданып, ол ұсынымдар уәкілетті орган тарапынан қазіргі таңда қаралуда. 24.04.2026 жылы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастырылуымен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Оралбаеваның және Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадырдың қатысуында басқарма қызметкерлеріне қаржылық сауаттылық, лудоманияның зардаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер тақырыптарында арнайы дөңгелек үстел өткізілді.

    23 шілде 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мектеп асханаларында тамақтануды ұйымдастыру бойынша Мемлекеттік сатып алу қорытындылары қалай шағымданады?

    Жауап

    ҚР Білім Министрінің 30.04.2025 жылғы № 93 бұйрығымен Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына шағымдану, Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бөлігінде өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) 93 – бабына сәйкес веб-портал арқылы беріледі. Шағымды Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының конкурстық комиссиясы қарайды. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің шағымын қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттайтын веб-порталда орналастырылады. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімге Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының бірінші басшысы, оның міндетін атқарушы тұлға не оның орынбасары қол қояды. Тапсырыс беруші, Ұйымдастырушы шағымды қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, конкурстық комиссия Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы тиісті шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асырады. Тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, комиссиялардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым АӨК-нің 93-бабына сәйкес ресімделеді. АӨК 73-бабының 1-бөлігінде көзделген тыңдау рәсімі АӨК 73-бабының 2-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес қолданылмайды.»; Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының шешімі әлеуетті өнім берушінің шағымын қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымданады. Бұл ретте әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының шешіміне шағымдану сатып алу рәсімдерін тоқтата тұрмайды.

    ·
    Сұрақ

    Электрондық дүкен арқылы қандай сатып алулар жүзеге асырылады?

    Жауап

    Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алулар біртекті тауарларға жүзеге асырылады, олардың жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайды. Электрондық дүкен арқылы әдісті қолдану мақсатында қаржы жылы ішінде біртектес тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін олардың біреуінің мөлшеріне бөлуге жол берілмейді. осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделгеннен азырақ.

    ·
    Сұрақ

    Жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілер қандай мерзімге сатып алуға қатыса алмайды?

    Жауап

    Әлеуетті өнім берушілер және (немесе) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілер заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі немесе уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы берілген шағымды заң аясында қарау туралы

    Жауап

    Сіздің мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы берілген шағымыңыз қолданыстағы заңнама аясында қаралатын болады Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы, Сіздің мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы берілген шағымыңыз, қолданыстағы заңнама аясында қаралатындығын хабарлайды.

    ·
    Сұрақ

    Анық емес ақпарат ұсыну фактісі туралы

    Жауап

    1.Анық емес ақпарат беру фактісі расталғандықтан, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа жүгіну жөнінде шаралар қабылданды. 2.Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы Сіздің шағымыңызды қарау барысында әлеуетті өнім беруші тарапынан анық емес ақпарат ұсыну фактісі анықталғанын хабарлайды. Осыған байланысты әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа жүгіну жөнінде шаралар қабылданды.

    ·
    Ақпарат

    Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы бойынша 2026 жылғы I және II тоқсан бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат

    Қызылорда облысыныңмемлекеттік сатып алубасқармасы бойынша 2026 жылғыIжәнеII тоқсан бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат № Сатып алу тәсілі Лоттың атауы Келісім шарт №, күні 1. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Ақпараттық жүйені қостау және техникалық қолдау көрсету бойынша қызмет көрсетулер 02.02.2026 ж. №140440014725/260001/00 2. Электронды дүкен Қарындаш 23.02.2026 ж. №140440014725/260002/00 3. Электронды дүкен Журнал 05.03.2026 ж. №140440014725/260003/00 4. Электронды дүкен Маркер 02.03.2026 ж. №140440014725/260004/00 5. Электронды дүкен Картридж 05.03.2026 ж. №140440014725/260005/00 6. Электронды дүкен Қағаз қыстырғыш, күнтізбе, қағаз қыстырғыш, қағаз қыстырғыш 06.03.2026 ж. №140440014725/260006/00 7. Электронды дүкен Стикер 11.03.2026 ж. №140440014725/260007/00 8. Электронды дүкен Күнделік, Фотоқағаз 03.03.2026 ж. №140440014725/260008/00 9. Электронды дүкен Күнделік 10.03.2026 ж. №140440014725/260009/00 10. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Күнтізбе 06.03.2026 ж. №140440014725/260010/00 11. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Ақпараттық жүйені қостау және техникалық қолдау көрсету бойынша қызмет көрсетулер 30.03.2026 ж. №140440014725/260001/01 12. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Кеңсе жабдығына арналған қағаз 08.04.2026 ж. №140440014725/260011/00 13. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Пластикалық қалта А4 форматы 20.04.2026 ж. №140440014725/260012/00 14. Бағалы ұсыныныстарға сұраным А4 Тіркеуші қалтасы 14.05.2026 ж. №140440014725/260013/00 15. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Кеңсе тауарлары (қайшы) 15.05.2026 ж. №140440014725/260014/00 16. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Қағаз қыстырғыш (орташа), 32 мм, қағаз қыстырғыш (кіші), 15 мм 15.05.2026 ж. №140440014725/260015/00 17. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Ұштағыш 15.05.2026 ж. №140440014725/260016/00 18. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Степлер, Қапсырма 19.05.2026 ж. №140440014725/260017/00 19. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Қысқыш 19.05.2026 ж. №140440014725/260018/00 20. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу Қағаз 19.05.2026 ж. №140440014725/260019/00 21. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Сүзгі 09.06.2026 ж. №140440014725/260020/00 22. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Манипулятор тышқан 04.06.2026 ж. №140440014725/260021/00 23. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Кеңсе тұтқасы 10.06.2026 ж. №140440014725/260022/00 24. Бағалы ұсыныныстарға сұраным Калькулятор 11.06.2026 ж. №140440014725/260023/00

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 2 тоқсан бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының хабарландырулары

    2026 жылдың 2 тоқсан бойыншыөткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша хабарландырулары Мерзімі Ұйымдастырушы Түрі Сілтемесі 01.01.2026 – 30.06.2026 аралықта «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ Мемлекеттік сатып алу бойынша хабарландырулары https://satypalu.gov.kz/kz/search/announce?filter%5Bname%5D=&filter%5Bcustomer%5D=140440014725&filter%5Bnumber%5D=&filter%5Byear%5D=2026&filter%5Bamount_from%5D=&filter%5Bamount_to%5D=&filter%5Btrade_type%5D=&filter%5Btype%5D=&filter%5Bstart_date_from%5D=01.01.2026&filter%5Bstart_date_to%5D=30.06.2026&filter%5Bend_date_from%5D=&filter%5Bend_date_to%5D=&filter%5Bitog_date_from%5D=&filter%5Bitog_date_to%5D=&smb=

    Жарияланды: