Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы

    Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы
    Бөлім басшысы

    Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы

    Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы 1981 жылы 28 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген. 1998 жылы Шиелі кентіндегі №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектепті бітірген.

    Білімі жоғары. 1998 жылы Қызылорда «Сейхун» институтына түсіп, 2002 жылы «Сейхун» академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетіне түсіп, 2007 жылы «Заңтану» бакалавры мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

    Алғаш еңбек жолын 2005-2006 жылдары Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде іс жүргізуші болып бастаған.

    2006-2007 жылдары Шиелі аудандық қаржы бөлімінде жетекші маман қызметін атқарған.

    2007-2013 жылдары Шиелі аудандық қаржы бөлімінің бас маман-бас есепшісі қызметін атқарған.

    2013-2018 жылдары Шиелі аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    2018-2019 жылдары «Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы қызметін атқарған.

    2019 жылдың 15 мамырынан бастап 2023 жылғы 03 тамыз аралығына дейін «Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы, 2023 жылғы 03 тамыздан бастап «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы қызметін атқарып келеді.

    Отбасылы. Отбасында 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері