
Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы
Жер қатынастары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы 1985 жылы 11 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде туылған. Білімі жоғары. 2008 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Аграрлық университетін жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері, 2012 жылы«Тұран Астана» университетін менеджмент бакалавр мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008-2010 жылдары «Sport line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жабдықтаушы маман болып бастаған.
2010-2012 жылдары «Шиелі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде инспектор;
2012-2015 жылдары «Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңіраралық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облысы бойынша жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі инспекторы;
2015 жылдың 27 наурызынан бастап «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарып келді.




