
Мадиев Ынтымақ Әділханұлы
Білім бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Мадиев Ынтымақ Әділханұлы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Төңкеріс колхозында туылған. Ұлтым қазақ, ҚР – ның азаматы. 1980 жылы Төңкеріс колхозындағы №158 С.М.Киров атындағы Орта мектептің 1 – сыныбына оқуға барып, 1990 жылы осы мектептің 11 – сыныбын бітірді. 1990 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 1999 жылы осы жоғарғы оқу орнын Абу Насыр Әл – Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті тарих факультетінің тарих пәні оқытушысы мамандығы бойынша бітірді. Екінші мамандық бойынша 2005 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің Заңтану факультетіне оқуға түсіп, 2007 жылы осы аталған университетті Заңгер мамандығы бойынша бітірді. 30.01.2015 жылы саптық қызметке жарамды деп танылып, запасқа қатардағы жауынгер АА №1075034 нөмірлі әскери билетін алды.
Еңбек жолын: 01.07.1993 жылы Алматы қаласында «Интертич - Кезнар» ЧП – да менеджер болып қызмет етіп, сол жылы өз еркімен босап, осы жылы, осы күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында «Оңтүстік Қазақстан жолдары» ЖАҚ – да ІІІ – разрядты жұмысшы болып жұмыс атқарып, 12.11.1999 жылы өз еркімен босады.
20.03.2000 жылы ОҚО, Сарыағаш ауданында «Самат жол» ЖШС – інде шебер жұмысшы болып жұмыс атқарып, 30.08.2000 жылы өз еркімен босады.
01.09.2000 жылы ОҚО, Сарыағаш ауданындағы №55 Академик О.А.Жәутіков атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып, 21.12.2002 жылы осы аталған мектептің директорының оқу – тәрбие істері жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, 27.08.2005 жылы өз еркімен жұмыстан босады.
01.10.2005 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және сынақ» орталығы ММ – нің Қызылорда облысындағы филиалында дистанциондық оператор болып қызмет атқарып, 20.03.2006 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында консультант мемлекеттік қызметін атқарды. Бұл қызметте 08.05.2008 жылға дейін қызмет атқарып, Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы – Тәртіптік кеңесіне Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымына ауысты.
15.12.2012 жылдан 02.05.2013 жыл аралығында осы аталған басқармада Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгеруші – Басқарма бастығының орынбасары лауазымын атқарды.
02.05.2013 жылы осы аталған Басқарма Департамент болып ауысуына байланысты 04.08.2014 жылға дейін Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі болып жұмыс жасады.
04.08.2014 жылы Шымкент қаласының білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалып, 20.05.2016 жылы өз еркіммен қызметтен босап, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін 01.07.2016 жылға дейін атқарды. Өз еркімен қызметтен босады.
21.11.2017 жылы конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының бас маманы қызметіне орналасты. Бұл қызметтен 23.04.2018 жылы өз еркімен босатылды.
Отбасы жағдайы: Отбасылы, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.
Қазіргі таңда 10.01.2020 жылдан Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқаруда.
18.05.2020 жылдан бері Шиелі аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқаруда.




