
Жұмаділ Маратжан Асқарбекұлы
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жұмаділ Маратжан Асқарбекұлы 1977 жылы 02 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылында туылған. Ұлты қазақ. 1994 жылы Ақмая ауылындағы №49 орта мектепті бітіріп, 1997 жылы Қазақстың мемлекеттік аграрлық университетіне түсіп, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің экономика және менеджмент біліктілігі бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1997-2002 ж «Авангард» ЖШС №2 өндіріс бригадасында сушы болып бастаған.
2002-2008 ж «Шиелі-Авангард» ЖШС бас есепшінің көмекшісі.
2008-2014 «Шиелі ауданының әкімі аппаратының Талдау және өңірлік бағдарламалар мониторингі бөлімінің бас маманы.
2014-2018 ж Шиелі ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің жаңа ақпараттық технологияларды дамыту және есеп бөлімінің бас инспекторы, бас есепшісі қызметі.
2018-2020 ж «Шиелі аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметі.
2020-2023 ж «Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының орынбасары қызметі.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап «Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді.




