
Ратова Құттықыз Артыққызы
Персоналды басқару (кадр қызметі) қызметі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ратова Құттықыз Артыққызы, 1975 жылдың 26 сәуірінде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде туылған, білімі жоғары, 2004 жылы Гуманитарлық-педагогикалық институтының педагогика және психология, 2014 жылы Болашақ университетінің құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Шиелі кенті, ОРС НОД-1 мекемесінде жұмысшы болып бастаған.
1998-2007 жылдары аралығында Шиелі кенті, Шиелі аудандық ауруханасының мамандар бөлімінің инспекторы, 2007-2009 жылдары аралығында Шиелі кенті, № 127 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп лицей психологы, 2009- 2010 жылдары Шиелі ауданы, «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2010-2013 жылдары аралығында Шиелі ауданы, «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы, 2013-2014 жылдары «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің басшысы, 2014 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару (кадр қызметі) қызметі бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Отбасылы, 3 ұл тәрбиелеп отыр.




