
Кенжесариев Серік Қадрияұлы
Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Кенжесариев Серік Қадрияұлы 1979 жылы 01 шілдеде Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін инженер жүйе техник мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы университетінің инженер-жүйетехник мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1997-1998 жылдары Шиелі ауданы Ортақшыл ауылында «Ақтөбе» шаруа қожалығында жұмысшы болып бастаған.
2004-2005 жылдары Қызылорда облыстық сәулет жоспарлау орталығы Шиелі ауданындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнында техник-оператор.
2005-2006 жылдары «Құрылыс сәулет жоспарлау орталығы» ЖШС-де техник-оператор.
2006-2008 жылдары «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінде жетекші маман-программист.
2008-2010 жылдары «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің талдау және өңірлік бағдарламалар мониторингі бөлімінде бас маман.
2010-2012 жылдары «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінде бас маман.
2012-2019 жылдары «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жаңа ақпараттық технологияларды дамыту, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және есеп бөлімінің басшысы.
2020 жылдан бастап «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Отбасылы.




