бос орын - -
Күршім ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Лауазымдық міндеттері: Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады. Мекемедегі қызметкерлерді және мемлекеттік орган қарамағындағы ұйым басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды. Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Ауданда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру.Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды.Мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолданады.Кітапханалық ақпараттық құжат қорын сақтау және сапалы жетілдіру, сондай-ақ барлық санаттағы аудан тұрғындарына қол жетімді арнайы кітапханалық ақпараттық қызмет көрсетуді қалыптастырады. Мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның беделін нығайтады, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасайды.Тілдерді дамытуда бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, оны іске асыру.Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы тұлғалардың өмірін және денсаулығының қауіпсіздігін, сонымен қатар спорттық іс-шарлар мен дене шынықтыру-сауықтыруға қатысушылар мен көрермендерін және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауларын қамтамасыз ету.Ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін өркендету.Дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.Еркін қызмет принципінде негізделген, сонымен қатар олардың құрылымының ерекшеліктерінде, әлеуметтік және жалпы білім қызметтерін есепке ала отырып барлық спорт түрлерінің өркендеуіне ықпал ету. Жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынасты ұйымдастырады. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Ауданның, сауықтық мәдени- бұқаралық іс- шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады.Ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады.Клубтар мен кітапханалардың қызметін үйлестіреді.«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуын іске асыруды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.Аудандық ономастикалық жұмыс тобының қызметін қамтамасыз етеді.Тіл саясатын іске асыруға бағытталған семинар-кеңестер, конкурстар, дөңгелек үстелдер, фестивальдарды тағыда басқа шараларды ұйымдастырады және өткізеді.Бұқаралық дем алу орындарында және тұлғалардың тұрғылықты жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымын құрады.Аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық жарыстар өткізеді.Облыстық спорттық жарыстарға қатысуға спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді.Күршім ауданының аумағында ұлттық спортты және бұқаралық спортты өркендетуді қамтамасыз етеді.Күршім ауданының аумағында ауданның спорттық-дене шынықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіреді.Спорттық разрядтарды тапсырады: 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядты спортшы.Спорттық біліктілік категориялар тапсыру: екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары жаттықтырушы, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары әдіскер, екіншікатегориядағы біліктілік деңгейі орта әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары спортшы-нұсқаушы, спорттық төреші.Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбелігін іске асырады. Күршім ауданының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді реттейді.Өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының ұсынымы бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімін құрайды және бекітеді.Арнайы дене шынықтыру және спорттық іс-шаралардың медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады.Дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде бұқаралық тәртіпті және бұқаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Күршім ауданының аумағында спорттық құрылымдар құрылысы салу мәселелерін реттейді және оның тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.Күршім ауданының «Шабыт» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының, «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын қадағалайды.Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады.Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін және әкімшілік рәсімдерді сақталуын қадағалайды.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.





