Рыскулова Жазира Келдибековна
Қаржы және әкімшілік жұмысы департаментінің директоры
Өмірбаян
1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1998-2002 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Шымкентте 2003 жылы «Түркістанэнерго» АҚ-да бастаған.
2004-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше ЖШС-де бухгалтер, бас бухгалтер болып жұмыс істеді.
2006-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Қаржы департаментінде сарапшыдан басқарма басшысына дейін лауазымдарды атқарды.
2012-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қаржы департаментінің, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпараттандыру агенттігінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің бюджетті жоспарлау және атқару басқармасының басшысы.
2019 - 2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаментінің директоры болып жұмыс істейді.
Жазира Келдібекқызы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, басқа да құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған.


