Ешенов Мақсат Наймантайұлы

    Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

    Ешенов Мақсат Наймантайұлы
    Директор

    Ешенов Мақсат Наймантайұлы

    Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

    Өмірбаян

    1981 жылы 28 шілдеде туған. 2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтады.

    2003 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың мамырына дейін «Қазинформ» ұлттық компаниясы» АҚ-та жұмыс істеді.

    2009 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың тамыз айына дейін-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Заң департаментінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

    2013 жылғы тамыздан бастап 2018 жылғы шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментінің Шарт және талап-арыз жұмысы басқармасының басшысы.

    2018 жылғы шілдеден бастап 2019 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары.

    2019 жылғы сәуірден бастап қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Активтерді басқару департаменті, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Корпоративтік басқару департаменті директорының орынбасары.

    2019 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Заң департаментінің директоры.

    2025 жылы - Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.

    «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 25 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 25 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері