Қабылдин Нұрбол Қозыұлы

    Ішкі аудит департаментінің директоры

    Қабылдин Нұрбол Қозыұлы
    Директор

    Қабылдин Нұрбол Қозыұлы

    Ішкі аудит департаментінің директоры

    Өмірбаян

    1980 жылы 10 мамырда Қостанай облысында дүниеге келген. 2002 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік аудитор сертификаты және (CIPFA Public Auditor, CIPFA DipIPSAS) мемлекеттік аудитордың халықаралық сертификаттары бар.

    Еңбек жолын Қостанай облысы бойынша қаржылық бақылау басқармасынан бастады, 2002 жылғы қарашадан 2009 жылғы тамызға дейін жетекші маман - жетекші бақылаушы-ревизоры, бас маман - бас бақылаушы -ревизоры.

    2009 жылғы тамыздан 2013 жылғы қыркүйекке дейін Қостанай облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маман - бас бақылаушы -ревизоры, бөлім бастығы.

    2013 жылғы қазаннан 2015 жылғы сәуірге дейін Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары.

    2015 жылғы шілдеден 2018 жылғы қыркүйекке дейін Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы.

    2018 жылғы қазаннан 2019 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ішкі аудит департаментінің тәуекелдерді талдау басқармасының басшысы.

    2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары.

    2023 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры.

    Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері