Кенжалиева Айгуль Нуримовна
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің директоры
Өмірбаян
1976 жылы 2 желтоқсанда Астрахан облысы, Володар ауданы, Сахма ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1995 жылғы 12 шілдеден 1996 жылғы 1 сәуірге дейін - Маңғыстау облысы Әділет басқармасының Тіркеу бөлімінің 1 санатты консультанты.
1996 жылғы 1 сәуірден 2001 жылғы 26 шілдеге дейін - Маңғыстау облысының Әділет басқармасы Тіркеу бөлімінің жетекші консультанты.
2001 жылғы 26 шілдеден 2002 жылғы 9 желтоқсанға дейін - Маңғыстау облысы Әділет басқармасының Ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің бас маманы.
2002 жылғы 9 желтоқсаннан 2004 жылғы 25 маусымға дейін - Маңғыстау облысы Әділет басқармасының Ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің бастығы.
2004 жылғы 25 маусымнан 2008 жылғы 25 наурызға дейін - ҚР Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің Ұйымдастыру-талдау бөлімінің бастығы.
2008 жылғы 25 наурыздан 2009 жылғы 1 маусымға дейін - ҚР Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің Жиынтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сарапшысы.
2009 жылғы 1 маусымнан 2010 жылғы 6 мамырға дейін - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы.
2010 жылғы 6 мамырдан 2012 жылғы 13 ақпанға дейін - ҚР Әділет министрлігі Талдау және құқықтық насихат департаменті Ақпараттық-талдау жұмысы және стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы.
2012 жылғы 13 ақпаннан 2014 жылғы 29 қаңтарға дейін - ҚР Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаменті Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы.
2014 жылғы 29 қаңтардан 2014 жылғы 23 қазанға дейін - ҚР Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаменті директорының орынбасары.
2014 жылғы 23 қазаннан 2014 жылғы 19 қарашаға дейін - ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары.
2014 жылғы 19 қарашадан 2015 жылғы 21 маусымға дейін - ҚР Әділет Министрлігі кадр қызметі департаменті Мемлекеттік қызметшілерді бағалау және мониторинг басқармасының басшысы.
2015 жылғы 22 маусымнан 2016 жылғы 26 ақпанға дейін - ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің директоры.
2016 жылғы 26 ақпаннан 2018 жылғы 7 қаңтарға дейін - ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.
2018 жылғы 8 қаңтардан 2018 жылғы 25 қыркүйекке дейін - ҚР Әділет министрінің кеңесшісі.
2018 жылғы 25 қыркүйектен 2019 жылғы 20 қазанға дейін - Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы.
2019 жылғы 21 қазаннан 2020 жылғы 29 шілдеге дейін - ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары.
2020 жылғы 30 шілдеден 2021 жылғы 11 наурызға дейін - ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары.
2021 жылғы 12 наурыздан 2022 жылғы 24 ақпанға дейін - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі.
2022 жылғы 25 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің директоры.


