
Сәрсембинов Еркен Әнуарбекұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Сәрсембинов Еркен Әнуарбекұлы, 1969 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Өскемен құрылыс-жол институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Большенарым ауданы әкімшілігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы болып бастаған. 1996 жылдан бастап Большенарым, кейін Катонқарағай аудандары әкімдігінің ТЖ бойынша бас маманы. 1999 жылдың қазан айынан бастап «Жаңа Гавань» ЖШС-де жалпы құрылыс жұмыстарының прорабы болып жұмыс істеді. 2001 жылдың тамыз айынан бастап Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы. 2005 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрудан кейін 2013 жылғы сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы болып жұмыс істеді. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы.





