Жұмағалиев Арман Мақсұтұлы

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

    Жұмағалиев Арман Мақсұтұлы
    Руководитель

    Жұмағалиев Арман Мақсұтұлы

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

    Өмірбаян

    Арман Мақсұтұлы Жұмағалиев 1969 жылы 27 сәуірде, Мурманск облысы, Кола қаласында дүниеге келген.

    1990 жылы Орджоникидзе жоғары әскери командалық училищесін бітірді.

    2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдады.

    2008 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірді.

    2010 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

    1990 жылдан 1993 жылға дейін взвод командирі лауазымында қызметін өтеді, 1993 жылдың мамырынан 1995 жылдың маусымына дейін рота командирі болды, 1995 жылғы тамыздан 1997 жылға дейін жауынгерлік даярлық бөлімшесі бастығының аға көмекшісі, 1997 жылдан 2000 жылға дейін жауынгерлік даярлық бөлімшесі тобының бастығы, 2000 жылдан 2001 жылға дейін батальон командирі, 2001 жылдан 2003 жылға дейін полк командирінің орынбасары, 2004 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің жауынгерлік даярлық басқармасы әскери қызмет және әскери қауіпсіздік бөлімінің аға офицері, 2006 жылдан 2007 жылға дейін полк командирі.

    08.2007 жылдан 08.2008 жылға дейін штаб бастығы - құрама командирінің орынбасары болды.

    08.2008-08.2009 ж.ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің Бас штабы жедел басқармасының бастығы, 07.2010-01.2017 ж. Бас штаб бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының Бас жедел басқармасының бастығы

    2017 жылғы қаңтардан 2020 жылғы қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы.

    2020 жылғы 17 қыркүйектен 2023 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы.

    2023 жылғы 15 желтоқсан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы.

    II дәрежелі "Даңқ" орденімен және КСРО мен Қазақстан Республикасының 14 медалімен марапатталған.

    Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2019 жылғы 6 мамырда «генерал-майор» әскери атағы берілді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері