
Ақтанов Қайрат Михайлович
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы
Өмірбаян
Ақтанов Қайрат Михайлович 1972 жылдың 1-наурызында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Суаткөл ауылында дүниеге келген.
1997 жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметнің Әскери институтын, 2005 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін, 2012 жылы РФ Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын тәмамдаған.
1997-2013 жылдар аралығында Ішкі әскерлерде взвод командирінен құрама командиріне дейінгі түрлі лауазымдарда қызмет етті.
2014 жылдың мамыры мен 2014 жылдың маусымы аралығында – ҚР ІІМ Ішкі әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы.
2014 жылдың маусымы мен 2017 жылдың қаңтары аралығында – ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы.
2017 жылғы 26-қаңтарынан – ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы.
2019 жылғы мамыр-қараша аралығында – ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы.
2020 жылғы ақпан-тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының кеңесшісі.
2020 жылғы тамыздан бастап мен 2022 жылдың қаңтары аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы Бас штаб бастығының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 19 қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бірінші орынбасары– Бас штаб бастығы.
ҚР Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен «генерал-майор» әскери шені берілді.
ҚР Президентінің 2025 жылғы 24 қазандағы Жарлығымен «генерал-лейтенант» әскери шені берілді.
ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, Қазақстан Республикасының 9 медалімен марапатталған.





