Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

    Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы
    Председатель Комитета

    Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы

    ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

    Өмірбаян

    Қайрат Жарылқасынұлы 1977 жылы 10 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Чирчик қаласында дүниеге келген.

    Чирчик жоғары танк командалық инженерлік училищесі, мамандығы-командалық тактикалық инженерлік-техникалық қамтамасыз ету (1994-1998 жж.);

    – Ұлттық қорғаныс университеті, мамандығы-Жалпы әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару (2009 ж.);

    – ҚР Ұлттық қорғаныс университеті, Қарулы Күштері Бас штабы академиясы факультеті, мамандығы-Әскери істегі стратегиялық менеджмент (2018 ж.).

    1998 жылдан 2001 жылға дейін – Өзбекстан Республикасы ҚМ 1 парашюттік-десанттық взводының танкіге қарсы взводының маневрлік тобының командиріне дейін қызмет өткерген;

    2002-2007 жылдары – БТР-дағы батальонның жедел мақсаттағы бірінші ротасының командирінен 6506 әскери бөлімі батальонының командиріне дейін;

    2009-2010 жылдары - 5512 әскери бөлімінің командирі;

    2010-2011 жылдары - 6679 әскери бөлімінің командирі;

    2013-2014 жылдары - 5518 әскери бөлімінің командирі;

    2014-2016 жылдар аралығында – 6505 әскери бөлімі штабының бастығы – командирінің бірінші орынбасары;

    2016-2018 жылдары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы жауынгерлік даярлық бас басқармасы бастығының орынбасары, одан кейін бас жедел басқармасы бастығының орынбасары;

    2018-2020 жылдары - 6506 әскери бөлімінің командирі;

    2020 жылғы 17 қыркүйектен 2022 жылғы мамырға дейін – "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы.

    2022 жылғы 30 мамырдан бастап – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары.

    Марапаттар:

    Қазақстан Республикасының 8-ден астам медалі бар;
    Айрықша ерекшелік белгісі - "Алтын жұлдыз" және "Отан" ордені тапсырыла отырып, "Халық Қаһарманы" атағы;

    "Қазақстанның 100 жаңа есімі"жобасының жеңімпазы.

    Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2023 жылдың 5 мамырында генерал-майор әскери атағы берілді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері