
Қазкеев Бекайдар Маратұлы
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары
Өмірбаян
Қазкеев Бекайдар Маратұлы 1973 жылы 13 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің Әскери институтын бітірген.
2012 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жалпы әскери академиясын бітірді.
2019 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді.
1997 жылдан 2018 жылға дейін взвод командирінен бригада командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2019 жылғы шілдеден 2021 жылғы маусымға дейін — Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары.
2021 жылғы маусымнан 2023 жылғы желтоқсанға дейін — Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы.
2023 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы сәуірге дейін — Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы.
2026 жылғы сәуірден бастап — Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары.
ҚР Президентінің Жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда генерал-майор әскери атағы берілді.





