
Сырымов Райымбек Талғатұлы
«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Сырымов Райымбек Талғатұлы 1993 жылғы 19 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді: 2015 жылы КАЗГЮУ Университетін тәмамдаған. Мамандығы - құқық қорғау қызметі.
Еңбек жолын 2016 жылы бастап, мемлекеттік басқару саласында тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінде іс жүргізуші, Жаңаөзен қалалық мәслихаты аппаратында бас маман, Қызылсай және Рахат ауылдары әкімдері аппараттарында бас маман және инспектор қызметтерін атқарды.
2019 жылы Рахат ауылы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалып, сол жылдан бастап 2022 жылға дейін ауыл әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы сәуір аралығында Рахат ауылының әкімі болды.
2026 жылғы 16 сәуірден бастап Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Мемлекеттік басқару және жергілікті атқарушы органдар жүйесінде тәжірибесі бар.





