
Кәрімов Нұрлан Мақсатұлы
«Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
1968 жылы 6 ақпанда Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданы Качиловка ауылында дүниеге келген. 1995 жылы С.Сәдуақасов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша, 2004 жылы «Фемида» Заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
1986-1988 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарды (Ресей, Хабаровск өлкесі). 1988-1993 жылдары Көкшетау облысы, Уәлиханов ауданы, Уәлиханов ауылында слесарь, күзетші, механик болып жұмыс істеді. 1993-2013 жылдары Ақмола облысының ІІД органдарында қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап «Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бас маманының м.а., бас маманы. 2019 жылдан бастап «Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ басшысы.





