
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білім
Әлібек Тілегенұлы 1966 жылы 18 қаңтарда Қарағанды қаласында туды.
1999 жылы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
МАНСАП
Еңбек жолын 1994 жылы Зеренді ауданының «Агротехинвест» МВП жабдықтау жөніндегі инженері болып бастаған.
1995 жылдан 1997 жылға дейін «Елікті» АҚ бас инженері болып жұмыс істеді.
Содан кейін төрт жыл бойы Көкшетау қаласындағы «Балгер» ЖШС атқарушы директоры болды.
2002 жылдан 2007 жылға дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының бас маманы және бас инспекторы лауазымдарын атқарды.
2007 жылы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, кейін Степногорск қаласында ұқсас лауазымға ие болды.
2009 жылға дейін «Гелиос» ЖШС Көкшетау филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы лауазымында болды.
Одан әрі «Көкшетау Су Арнасы» ЖШС қауіпсіздік қызметінің бастығы болып жұмыс істеді.
2010 жылы Көкшетау қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2012 жылдан 2014 жылға дейін «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шаруашылық басқармасы» ЖШС директорының көмекшісі қызметін атқарды.
2016 жылдан бастап үш жыл бойы Ақмола облысы әкімі аппаратының өндірістік саланы талдау бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары және бас директоры болды.





