
Ерханов Марат Түркменұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Ерханов Марат Түркменұлы 1966 жылғы 11 қазанда Солтүстiк Қазақстан облысы Преснов ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.
- 1987 жылы «техник-құрылысшы» мамандығы бойынша Петропавл есептiк-экономикалық техникумын;
- 2000 жылы Тараз мемлекеттiк университетiн «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.
Петропавл қаласы әкiмiнiң өкiмiмен Ерханов Марат Түркменұлы 2019 жылғы 20 мамырдан бастап «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң қаржы бөлiмi» КММ басшысы болып тағайындалды.
Еңбек жолын 1988 жылы СҚО Тимирязев а. Тимирязев Сельхозэнерго РП құрылыс бойынша шеберi болып бастады.
1988-1990 жылдары Кеңес армиясының қатарында әскери борышын өтедi.
1990-1992 жылдары СҚО Тимирязев а. Тимирязев Сельхозэнерго РП құрылыс бойынша шеберi, жабдықтау бөлiмiнiң бастығы болып еңбек еттi.
1992-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлiгi Қаржылық бақылау комитетi Тимирязев ауданы бойынша бөлiмшесiнiң аға бақылаушы — тексерушiсi болып лауазымын атқарды.
1998-2000 жылдары СҚО Қазынашылықтың Тимирязев аудандық бөлiмiнiң жетекшi қазынашысы болып жұмыс iстедi.
2000-2008 жылдары Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi СҚО бойынша басқармасының бақылау iс-шараларын орындау бөлiмiнiң жетекшi бақылаушы — тексерушiсi, бас бақылаушы — тексерушiсi, бастығы лауазымдарын атқарды.
2008-2016 жылдары СҚО бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы бақылау бөлiмiнiң бастығы болып қызмет атқарды.
2016-2017 жылдары СҚО бойынша Iшкi мемлекеттiк аудит департаментi мемлекеттiк секторының аудит бөлiмiнiң басшысы болып қызмет еттi.
2017 жылы СҚО Бескөл а. «Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлiмi» КММ басшысының орынбасары қызмет атқарды.
2017 жылғы қыркүйектен осы тағайындауға дейiн СҚО Бескөл а. «Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлiмi» КММ басшысы лауазымын атқарды.



