Бос орын
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Серік Әубәкірұлы Сабралин 1960 жылғы 1 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Жарғайын ауылында туған.
1982 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.
Осы жылы еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының Ленинск АКК жөндеу жөніндегі шебері лауазымынан бастады.
1988-1995 жылдары Корнеевка АКК пайдалану қызметінің бастығы, Ленинск АКК бас инженері.
1995-2003 жылдары Ленинск «Автокөлік» АТАҚ вице-президенті, директоры.
2003-2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка селолық округінің әкімі, әкімнің орынбасары.
2006-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.
2008-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті бастығының орынбасары.
2010-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары.
2011-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бастығы.
2012 жылғы наурыздан қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің әлеуметтік және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.
Петропавл қаласы әкімінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы №07-р өкімімен С.Ә. Сабралин «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» КММ басшысы болып тағайындалсын.
Петропавл қаласы әкімінің 2019 жылғы 03 сәуірдегі №74-ө өкімімен С.Ә. Сабралин «Петропавл қаласы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ басшысы болып тағайындалды




