Рақышева Динара Болатқызы

    Бөлім басшысы

    Рақышева Динара Болатқызы
    Руководитель отдела

    Рақышева Динара Болатқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Рақышева Динара Болатқызы 1972 жылғы 01 қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеев ауданы Ақан-Барақ ауылында дүниеге келген.

    1994 жылы «орыс тiлi және әдебиетi» мамандығы бойынша Петропавл педагогикалық институтын аяқтаған, бiлiктiлiгi «орыс тiлi және әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi».

    СҚО әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы басшысының бұйрығымен Рақышева Динара Болатқызы 2020 жылғы 13 тамыздан бастап «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ басшысының мiндетiн атқарушы болып тағайындалды.

    Еңбек жолын 1994 жылы Жоғары техникалық колледжiнiң аға зертханашысы болып бастады.

    1994-1997 жылдары СҚО Сергеев ауданы Жанасу орта мектебiнiң орыс тiлi және әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi болып қызмет еттi.

    1997-2000 жылдары СҚО Архангелька қосымша мектеп-интернаттың тарих және туған жер мұғалiмi болып еңбек еттi.

    2000-2002 жылдары СҚО ПДК жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Архангелька түзету мектеп-интернатының орыс тiлi мұғалiмi болып қызмет еттi

    2002-2007 жылдары Петропавл қ. «Аль-Фараби» мектеп-лицейiнiң орыс тiлi және әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi болып жұмыс iстедi

    2007-2011 жылдары СҚО, Облыстық жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат директорының ғылым жөнiндегi орынбасары, орыс тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi болып еңбек еттi.

    2011-2018 жылдары «СҚО әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ «Петропавл қаласының балалар үйi» КММ директорының ОТЖ жөнiндегi орынбасары болып қызмет атқарды.

    2018 жылғы қыркүйектен осы тағайындауға дейiн Петропавл қ. «Ғ. Мүсiрепов атындағы № 43 орта мектеп» КММ директоры лауазымын атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері