Молдашева Гүлнар Қуанышқызы

    Алматы қаласы әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы

    Руководитель отдела

    Молдашева Гүлнар Қуанышқызы

    Алматы қаласы әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Молдашева Гүлнар Қуанышқызы 1982 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 2000 жылы Алматы қаласының заң колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетін «информатика» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    2000-2001 жылдары Жамбыл облысы Шу ауданы №14 жол машина станциясы кадрлар бөлімі инспекторының көмекшісі болып жұмыс істеді

    2001-2002 жылдары – Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би, М. Х. Дулати атындағы орта мектебінің хатшысы, бағдарламашы-операторы

    2002-2007 жылдары – Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би, М. Х. Дулати атындағы орта мектептердің информатика пәнінің мұғалімі

    2007-2009 жылдары – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәдениет, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, әлеуметтік сала бөлімдерінің бас маманы

    2009-2010 жылдары – Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

    2010-2013 жылдары – Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

    2013-2015 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлық және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы

    2015-2017 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының, әкімшілік басқармасының бас маманы, тәртіптік-әкімшілік практика және мемлекеттік қызметтер бөлімінің консультанты

    2017-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы

    21.02.2019 - 14.04.2026 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы

    15.04.2026 жылдан бастап- Алматы қаласы әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері