
Кайдулина Мадина Сақтағанқызы
Қала әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
М.С. КАЙДУЛИНА 1979 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін Қазақстан тарихы мамандығы бойынша аяқтаған.
Орта–Азия университеті Ақтөбе филиалының оқытушысы, «Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, Ақтөбе облысының ішкі саясат Департаментінің бас маманы, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту бөлімінің басшысы, «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы – кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы болып қызмет атқарды.
2020 жылғы ақпаннан бастап қала әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып жұмыс атқаруда.





